RSS

ҚАСЫМ – ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗҒЫШ ҚҰСЫ

Серік АХМЕТОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Қадірлі ағайын!

Аса құрметті әдебиетсүйер кауым!

Қаншама қиын замандарды басынан өткерген Алаш жұрты – шартарапқа сауын айтып, ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына дайындалуда. Жиырма жылда жиырма ғасырға татырлық ірі-ірі қадамдар жасалды. Бұл – бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, Қазақстанды сүттей ұйытып отырған тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың егеменді елімізге сіңіріп жатқан ерен еңбегінің нәтижесі. Ұлт көшбасшысының салиқалы саясатының арқасында өркениетті елдермен деңгейлестік. Байырғы қазақ жерінде ұлы мемлекет орнаттық. Бабаларымыздың аңсап кеткен арманына жеттік. Дамыған 50 елдің қатарында тұру мақсатын алға қойып отырған тұста, осы тұғырлы мемлекеттің іргесін қалауға өлшеусіз үлестерін қосқан ұлт зиялыларын келер ұрпаққа дұрыс насихаттау қажет.

Қолбасшы, саясаткер, дипломат хан Абылайдың 300 жылдығы, исі қазақтың қабырғалы ақыны Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойы, Қасымның рухани шәкірті һәм інісі ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы сынды Алаш жұртының айтулы мерекелері де осы жылдың үлесінде.

Ғасырлар тізбегіне үн қосқан Қасым ақынның әдеби мұрасы халқымыздың тағдырында із қалдырып, көкірегінде сәулесі бар жандардың ойына орда тікті. Жасындай жырларға сусындап өскен ұрпақ Қасым өлендерінің кәусәрына қанып, ақын талантына бас иді. Ақындығына коса, тамаша көсемсөз шебері, біртуар сазгер екендігі тағы бар. Өкінішті тұсы – тірісінде тиісті бағасын ала алмағандығы.

Ей, тәкәппар дүние,

Маған да бір қарашы!

Танисың ба сен мені,

Мен қазақтын баласы! – деп Касым өртке тиген дауылдай жырларымен бүкіл әлемге жар салды.

Өлеңнің өлкесіміз өткел бермес,

Сөзді қой, өлеңге бас, жырмен сөйлес,

Деп өскен қазекеңнің баласымыз,

Өлеңсіз өмір бізге өмір емес, – деп ақындық мұратын айқындап кетті. Шығармашылығының көркемдік-эстетикалық денгейі жоғары, қазақ әдебиетіне жаңаша леп коскан Қасым – баска жұрттан бөлек, баска ақындардан әлдекайда биік тұр.

Ақын мерейтойына орай, республика көлемінде оның шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында көптеген іс-шаралар басталып та кетті. Қасым есімі мәңгілік екендігінің айғағы ретінде облысымыздағы оқу орындары мен мәдениет мекемелерінде түрлі-түрлі жыр кештері мен ғылыми конференциялар, мүшәйралар ұйымдастырылуда. Ақынның қазақ поэзиясына қос­қан жаңашылдық сипаты, поэтикасы, суреткерлік шеберлігі, дәстүр жалғастығы, ақындық болмысы дейтін мәселелер әлі де түбегейлі зерттелуді қажет етеді. Әсіресе, ақын лирикасындағы ішкі дина­микалық, қуаттылық, тіл өткірлігін еселейтін көркемдік тәсілдер, ақындығының сұлулық, әдемілік әлемі жайлы салмақты тұжырымдар және ұлттық мүддеге орайлас жаңа көзкарастар айтылып, соны қадамдар жасалып жатса, нұр үстіне нұр жауған болар еді. Оның ішінде, идеологиялық қысымға толы кезеңдегі іркілісі ғана емес, жетістіктері де жан-жақты саралануы қажет. Ол – бүгінгі тәуелсіздіктің рухани белесі тұрғысынан да үлкен мәнге ие.

Қарағанды өңірінде Қасым мерейтойына қатысты көптеген игі шаруалар қолға алынды. Облыс орталығында ақын ескерткішінің бой көтеруі, мерейтойының республика көлемінде кеңінен аталып өтуі, жыр жинақтарының қайтадан басылып шығуы, деректі фильмдер түсіріліп, халық жадында жаңғыртылуы, биылғы аткарылар істердің бір парасы ғана.

Осы игі бастамалардың ішінде Қарағандыда «Қасым» жур­налының жарық көруі айтарлықтай оқиға болмақ. Бұл басылым – әдебиет әлеміндегі жаңа ізденістер мен жас дарындардың сиясы кеппеген тың дүниелерін жұртқа таныстырмақ. «Қасым» журна­лы – қазақ рухының болмысы десек, артық айтқандық емес. Жаңа әдеби басылым Алаш жұртының арманын арқалап барады. Оның ендігі тағдыры егемен елдің көңілі оянған, рухы биік ұрпағының қолында.

Дүниеге келер әлі талай Қасым,

Олар да бұл Қасымды бір байқасын,

Дауылдай өртке тиген өлеңімді

Қасымның өзі емес деп кім айтасың, – деп ақынның өзі толғағандай аталмыш журнал жас каламгерлер мен аға буын арасында, калың окырман мен каламгер кауым ортасында алтын аркау болып, өз окырманын табады деген сенімдеміз!…

 

ХАТ

Шыңғыс Досым!
Сырласым ең әуелден!
 
Қайсарлықты мұрат қылған жасынан.
 
Жалғыз арша хат жолдады сәлеммен
 
Қарқаралы басынан…
 

 

 
Кеше шешей оралыпты ауылдан.
 
Жаңаарқа елі сені аңыз қып айтады.
 
Құлыншақ жүр
 
Ол да ағасын сағынған
 
Өзгелерге «жайдары».
 

 

 
Сырт айналып ішін бермес іштардан
 
Анаңды ойлап жүрсің бе әлде алаң боп.
 
Жылы жаққа бет түзеген құстардан
 
Хабар алып қалам деп.
 

 

 
Шыбынсыз жаз.
 
Келіп жетсе қоңыр күз.
 
Күн шуағы қалар ма енді іркіліп…
 
Ауызашар.
 
Дастарханда отырмыз.
 
Бір мұңайып, бір күліп.
 

 

 
Сен ше?…
 

 

 
Сәлеммен: Қарағанды.


 

***

Күлкісін жиып гүлбақтан,

Гүлзарға әнін тыңдатқан.

Жанарын күнге төңкеріп,

шашына тәж қып гүл таққан.

 

Шашына тәж қып гүл таққан.

Еркелей келіп үн қатқан.

Елжіреп келіп самал жел,

мөлдіреп саған тұрды аспан.

 

Мөлдіреп саған тұрды аспан.

Кезің көп онымен сырласқан.

Қыз қайың жайлап күрсінді

Жаныңмен тылсым мұңдасқан.

 

Жаныңмен тылсым мұңдасқан.

Жүрегің төкті жыр дастан.

Көз жасың … – кәусәр өлеңің… –

Өлеңнен опа кім тапқан…

 

…Кофе демдеп берші…

 

 Барша әлемнің қасіреті көзінде,

Жасы жуған қарашығы мөп-мөлдір…

Балалықпен бақұлдасқан кешімде

ұзатылған көктем жүр…

 

Әзиз анам тым мейірбан болса да,

Бір сөзін де асырмап ем басымнан…

Омырауының иісін кезем тамсана

қабірінің басынан…

 

Солай, солай, енді саған не дейін..,

Шұғылаға көмкерілген кеңістік?

Жазылмаған жырларыма көмейін

сезімдерді ең ыстық…

 

Жегі құрттай жесе-дағы жанымды,

Сұлулыққа сан мәрте бас иген боп.

Содан бері аласұрып кәдімгі

ешкімді де сүйгем жоқ!

 

Сағынышқа көңіл айтқан құрдан-құр…

Сол дәуреннің көрі жатыр қазулы.

Маңдайыма сыймай кеткен бір тағдыр

жанарымда жазулы.

 

Қарағанды, 2011.

Ерқанат Кеңесбекұлы.

 

Мағжанды масқаралап, киіз үйді қорлағандар кешірім сұрасын!

Ай мен күннің аманында Абылай хан ордасын тіккен көрікті Көкшетауда орын алған мына оқиға күллі қазақтың абыройын аяқасты еткендей әсер қалдырды. «Киіз үйді қорлап, Мағжанды масқаралағандар қазақ халқы алдында жауап берсін!» деген талап қойып, қала тұрғындары мен қазақ жастары көшеге шыққан… Read the rest of this entry »

 

 

 

Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романы туралы

Аты-жөні: Люп Николай Вибрихович

Ұлты: неміс

Мекен-жайы: Ақтоғай ауданы

Туған жылы: 19.11.1951ж.

Жұмыс істемейді

Жазылған кітапханасы: Ақтоғай Аудандық Орталық кітапханасы – 1979ж.

 Кітап оқуға бала кезімнен ынтықпын. Өзімнің ұлтым неміс. Кіндік қаным тамып, туып өскен жерім де нағыз қазақи жер – Ақтоғай. Бала кезімнен қазақ балаларымен бірге оқып, бірге өскеннен бе, мен қазақ тілін жетік менгергенмін десем артық айтпаған болармын. Бірақ неміс тілін де жақсы білемін. Өз заманында әр ұлт, өз елдеріне жаппай көше бастады. Бірақ мен өзімнің туған жерім Актоғайды тастап кете алмадым. Өйткені менің жастық шағым, бала кезім осы Ақтоғайды өтті. Әке-шешем де осы жерде жерленген. Сол жылдары менің отау көтерген кездерім еді. Read the rest of this entry »